$ 446.49  475.38  4.79

Қарағанды облысының әкімі президент жолдауын іске асыруға кірісті

Біздің мемлекетіміз көмекке мұқтаж азаматтарды қолдау үшін барлық шараларды қабылдауда.

Қарағанды облысының әкімі Ерлан Қошанов әкімдік аппаратымен бірге Қазақстан Республикасының Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жолдауында қойылған міндеттерді іске асыру жоспарын құрып, іске асыруға кірісіп кетті.

Қарағанды облысында биылғы жылдың соңына дейін «Сарыарқа» жобасы аясында газ тартылады. Мұнан бөлек Жаңаарқа, Шет, Бұқар жыраумен Осакаров аудандары және Шахтинск қаласына көгілдір отынды жеткізу бойынша жобалық-сметалық құжат дайындалуда. Бұл туралы облыс әкімдігінде өткен арнайы жиында айтылды. Президент жолдауын талқылау барысында қоғамды толғандырып отырған негізгі мәселелер көтерілді.

Ерлан Қошанов, Қарағанды облысының әкімі: 

Ең бастысы жұмысымыз реформа үшін — реформа, есеп үшін — есеп істеуінде болса, онда жұмысымыз өнбейді. Халық бәрін көріп-біліп отыр. Президентте атап айтты. Барлық деңгейдегі әкімдер мен мемлекеттік орган басшылары адамдар мәселелерін өз аузынан естіп білуі басты міндет.

Біздің мемлекетіміз көмекке мұқтаж азаматтарды қолдау үшін барлық шараларды қабылдауда.Бүгінгі күнде атаулы әлеуметтік көмектің жаңа  форматы бойынша 10 мыңнан аса отбасына төлемдер тағайындалған. Атаулы әлеуметтік көмек алушылар саны биылғы жылдың басымен салыстырғанда 8 есіп, қаржыландыру көлемі  10 есеге артқан. Президент жолдауында білім мен ғылым тіл мен діл, өнер мен мәдениет тақырыбы да қозғалды. Және алда болатын өзгерістер осы сала мамандарының еңбегінің еленуіне тың серпін беріп отыр.

Еске сала кетейік, мұның алдында Президенттің бүгін, 2 қыркүйекте халыққа Жолдау жариялап, онда ішкі саяси мәселелер, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау, экономиканы жаңғырту, халықты әлеуметтік қамсыздандыру мәселелері айтылатыны хабарланған еді.

Тоқаев бес пайыздық зейнетақы аударымдарын енгізу мәселесін кейінге қалдырды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары