$ 494.87  520.65  4.91

Қарағандыда 5000-нан астам адам латын қарпімен диктант жазды

Жобаның мақсаты – жалпыұлттық бірлік пен келісімді нығайту, қазақстандық бірегейлікті қалыптастыруға жәрдемдесу, халық пен қоғамды біріктіретін фактор ретінде мемлекеттік тілді үйренуге деген уәждемені арттыру.

Еліміз бойынша латын графикасы негізінде қазақ тілінде «2019 jyl – Jastar jyly» атты жалпы қазақстандық ашық диктант өтті. Осы жылы Қазақстан халқы Ассамблеясының жобасы Жастар жылына орайластырылып отыр.

Диктант бір уақытта Елордамыздағы ҚР Ұлттық академиялық кітапханасында және республиканың барлық өңірлерінде жазылды. Қарағанды облысында жалпы республикалық акцияға 5000-нан астам адам қолдау көрсетті. Олардың қатарында студенттер, оқытушылар, мемлекеттік қызметкерлер, этномәдени бірлестіктердің өкілдері болды. Қатысушылар Қарағанды қаласының Достық үйінде, оқу орындарында, аймақтық кітапханаларда жиналды. 

«Диктант жазу қиын емес еді. Достық үйінің лингафондық кабинетінде қазақ тілін оқимын. Бұл жобаға екінші рет қатысудамын. Ақпараттық технологиялар ғасырында біз уақыт өте келе алға жылжуымыз керек. Латын әліпбиіне көшу – уақыт талабы. Бұл қазақстандық қоғамның рухани жаңғыруына, мемлекеттік тілдің мәртебесін көтеруге және оның болашағын қамтамасыз етуге мүмкіндік береді», - деп атап өтті облыстық украиналық Т. Шевченко атындағы «Рідне слово» орталығының төрайымы Зеновия Красивская.

Жобаның мақсаты – жалпыұлттық бірлік пен келісімді нығайту, қазақстандық бірегейлікті қалыптастыруға жәрдемдесу, халық пен қоғамды біріктіретін фактор ретінде мемлекеттік тілді үйренуге деген уәждемені арттыру.

Диктантты мамандар тексереді. Үздік қатысушылар ҚХА алғыс хаттарына ие болады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары