$ 494.87  520.65  4.91

Түркістанда қонақүй маңында жарылыс болды

Мәлім болғандай, «ЗИЛ» көлігі газ баллондарын тасымалдап бара жатқан.

Түркістан қаласында қонақүй аумағында автокөлік өртеніп, оның соңынан жарылыс болды. Бұл туралы ҚР Ішкі істер министрлігі Төтенше жағдайлар комитетінің ресми өкілі Нұрсұлтан Нұрахметов мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат. 

«10 қыркүйек күні кешкі сағат 7-де Саттарханов көшесінде орналасқан «ROYAL GRAND HOTEL» қонақүйінің аумағында «ЗИЛ» автокөлігі жанып, соңынан газ баллоны жарылды. Жарылыс салдарынан жалын қонақүйдің шатырына тарады. Болжаммен шатырдың 1400 шаршы метр аумағы өртенді. Құрбан болғандар мен зардап шеккендер жоқ», - деді Н.Нұрахметов. 

Мәлім болғандай, «ЗИЛ» көлігі газ баллондарын тасымалдап бара жатқан. Қазір машинада қанша баллон болғаны анықталуда.  

Тілсіз жауды ауыздықтаумен Түркістан облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің жеке құрамының 70 адамы мен 14 техникасы айналысуда. 

«Полиция қызметкерлері қонақүй аумағын қоршауға алды», - деді ресми өкіл. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары