$ 494.87  520.65  4.91

Қостанайда әйел өзімен бірге тұратын 44 жастағы ер адамды пышақтап тастады

Қазір осы дерек бойынша ҚР ҚК 99-бабымен («Кісі өлтіру») тергеп-тексеру амалдары жүріп жатыр.

Қостанайда ер адамды өлтірген 57 жастағы әйел қамауға алынды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.  

Облыстық полиция департаментінің мәліметінше, оқиға Қостанай ауданының Затобол ауылында жеке тұрғын үйде болған. 

«57 жастағы әйел өзімен бірге тұратын 44 жастағы ер адаммен ішімдік ішкен. Арадағы жанжалдан соң әйел жәбірленушіге пышақ жұмсаған. Ауыр дене жарақаты салдарынан ер адам оқиға орнында көз жұмды», - деп хабарлады ведомствоның баспасөз хатшысы Ирина Беженарь. 

Қазір осы дерек бойынша ҚР ҚК 99-бабымен («Кісі өлтіру») тергеп-тексеру амалдары жүріп жатыр.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

#Қостанай