$ 444.22  476.38  4.82

Жануарлар айқасының видеосы қорықтың YouTube арнасында жарияланды

Видеода мүйізтұмсық баласымен бірге суаттың жанында тұрған кезде оған піл жақындай бастағаны көрінеді.

Оңтүстік Африкадағы Крюгер ұлттық паркіне келушілер мүйізтұмсық пен пілдің төбелесіне куә болды, деп жазады Sputniknews.kz.

Видеода мүйізтұмсық баласымен бірге суаттың жанында тұрған кезде оған піл жақындай бастағаны көрінеді. Мүйізтұмсыққа шақырылмаған қонақтың келгені ұнамай қалып, бірден шабуылға көшкен. 

Бір кезде піл мен енесінің арасында қалған мүйізтұмсықтың баласы құлап түседі, бірақ ол тез шығып, қауіпсіз жерге қашып құтылады. 

Төбелестен кейін піл мүйізтұмсық пен оның баласын қуа жөнеледі, бірақ олар жеткізбейді. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

#Африка