$ 446.49  475.38  4.79

Тоқаев Қытайға ресми іссапармен барды

Қазақстан Президенті Қытай Халық Республикасына мемлекеттік сапармен келген.

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың ҚХР-ға мемлекеттік сапары басталды. Бұл туралы президенттік баспасөз хатшысы Берік Уәлі өзінің Facebook әлеуметтік желісіндегі парақшасында жазды. 

Қазақстан Президенті Қытай Халық Республикасына мемлекеттік сапармен келген. Қасым-Жомарт Тоқаев Пекинде Қазақстан-Қытай іскерлік кеңесінің 6-отырысының ашылуына қатысады және Қытай қоғамдық ғылымдар академиясында дәріс оқуы жоспарланған.  

«Мемлекет басшысы ҚХР Төрағасы Си Цзиньпинмен, ҚХР Мемлекеттік кеңесінің Премьері Ли Кэцянмен және Қытайдың бірқатар саяси және іскерлік топтарымен келіссөз өткізеді.

Қазақстан Президенті Қытайға жасаған екі күндік сапарының аясында Ханчжоу қаласына да барып, инновациялық өнімдерді  әлемдік нарыққа шығару бойынша көшбасшы «Hikvision» компаниясының жұмысымен танысады. Сонымен қатар бағдарлама бойынша «Alibaba» компаниясының кеңсесіне барып, Джек Мамен кездесу жоспарланған», - деп жазды ол.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

#Тоқаев #Қытай