$ 448.15  483.46  4.86

Нұр-Сұлтанда әйелінің ауру балаға жүкті екенін білген ер адам оны тастап кеткен

Елордалық Мәдина есімді келіншек осыдан төрт жыл бұрын дүниеге алтын асықтай ұл әкелген.
Фото: Pixabay.com
Фото: Pixabay.com

Нұр-Сұлтанда әйелінің құрсағындағы сәбидің сырқат екенін білген ер адам оны тастап кеткен. Дәрігерлердің асығыс болжамына қарамастан дені сау нәресте туған келіншек бұрынғы  күйеуінің өзімен қайта татуласқысы келетінін айтады. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

Елордалық Мәдина есімді келіншек осыдан төрт жыл бұрын дүниеге алтын асықтай ұл әкелген. Алайда дәрігерлер сәбиі құрсақта болғанда оны айықпас дертке шалдыққан бала деп болжаған.

Мамандардың сөзіне құлақ аспаған ол дені сау сәбиді дүниеге әкелген. Өкініштісі - Мәдинаның жан-жары іштегі сәбидің сырқат екенін білгенде оны тастап кеткен.

"Санжарым қазір төртте. Өте алғыр, көпшіл бала. Елмен тез тіл табысады, құдай тіл-көзден сақтасын. Бұл баланы дүниеге әкелерде дәрігерлер не демеді? Аутист деді, ДЦП болады деді, басқаша айтқанда, өмірге дені сау емес, ақыл-есі кем бала әкелесің деді.

Қай ана баласын жамандыққа қисын? Үмітсіз шайтан деп, өзімді сабырға шақырып, дені сау баланы өмірге әкелетіме сеніп, Алладан дұға етіп жүрдім.

Өкініштісі - сол кезде бұрынғы күйеуім, баланың сырқат екенін біліп, мені жүкті күйімде тастап кетті. Қатты қиналдым, амалсыздан ауылдағы ата-анамның қолына қайтып бардым. Бірақ, құдай менің тілегімді естіп, Санжарым дүниеге сап-сау бала болып келді", - дейді келіншек.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

#Нұрсұлтан