Меңдіқара ауданындағы орман алқабынан 57 жастағы ер адамның денесі табылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, ер адам осы жылдың 29 тамызында жоғалып кеткен. Бұл туралы полицияға оның жұбайы хабар берген.
«Із-түссіз жоғалып кеткен 57 жастағы ер адамның денесі 8 қыркүйек күні Боровское ауылындағы орман алқабынан табылды. Мәйітті саңырауқұлақ жинаушылар байқап қалған», - деді ведомствоның баспасөз хатшысы Ирина Беженарь.
Қазір осы дерек бойынша тергеу жұмыстары басталды. Сараптамалар тағайындалды.