$ 494.87  520.65  4.91

Қарағандыға өңірдің дәстүрлі музыкасы мен фольклоры жайлы деректер жинауға белгілі мәдениеттанушылар келді

Шынында да, Арқа - үлкен тарихи-географиялық аймақ, мұнда XIX-XX ғасырлардың басында көптеген домбырашылар, әншілер, ақындар мен жазушылар, айтулы тұлғалар болған.

Қарағандының Достық үйіне Нұр-Сұлтан қаласындағы Қазақ ұлттық өнер университетінің Қорқыт ата атындағы ұлттық музыка өнері Лабороториясының мамандары келді.

Сапар мақсаты – қазақ халқының мәдени мұраларын сақтап, жаңғыртуға бағытталған «Мәдени мұра» мемлекеттік бағдарламасы аясында Қарағанды облысының  дәстүрлі музыкасы мен фольклоры жайлы деректер жинау.  

«Қазақстанның әр аймағында тарихи дамып, ұлттық руханияттың өзіндік орталықтарын құрған бірнеше шығармашылық және орындаушылық дәстүрлер бар, солардың негізінде қазақтың менталитеті деп аталатын этникалық сәйкестік құралады. Осындай дәстүрге бай орталықтардың бірі – Арқа өңірі.Ата-бабаларымыздың  музыкалық рухани  мұрасын зерттеп, бір жинаққа және дискке үш тілде басып шығарсақ дейміз. Тек музыкалық шығармалар емес, қариялардан қара өлең, жыр, ертегі және аңыз-әңгімелер жазып алу жоспарда»,- дейді Қазақстан Республикасының материалдық емес мәдени мұрасын сақтау жөніндегі қоғамдық ұлттық комитеттің мүшесі,

Қорқыт ата атындағы ұлттық музыка өнері Лабороториясының жетекшісі Саида Елеманова.  

Шынында да, Арқа - үлкен тарихи-географиялық аймақ, мұнда XIX-XX ғасырлардың басында көптеген домбырашылар, әншілер, ақындар мен жазушылар, айтулы тұлғалар болған. XX-XX ғасырлардағы бұл  дәстүрлердің тоқырауға ұшырауы белгілі себептермен болғанын білгілі. Арқа өңірінде ежелден бері үзілмей келе жатқан «Арқа жыр мектебінің» негізін салушы Әміре Қашаубаев, Жүсіпбек Елебеков, Манарбек Ержанов, Қали Байжанов, Жарылғапберді мен Мәдилер қазақтың кең байтақ даласын жақұт жырларымен сусындатып, әсем әндерімен тербеген. 

Шертпенің інжу-маржаны, тарихи тамыры сақталған, дәстүрі мызғымаған Арқадан шыққан Тәттімбет, Мағауия Хамзин, Әбди, Аққыз, Қыздарбек сынды шертпе күйшілерді атауға әбден болады. Алайда, осы ғажайып аспаптық дәстүрді жеткізушілердің көбі қазір жоқ. Сондай-ақ,     аймақтарда музыкалық фольклор жалғасып жатқанымен, оны қағазға нота қылып түсіріп, жазып жатқандар кемде-кем.

Күйші, Достық үйі жанындағы «Күй керуен» орталығының жетекшісі Қайролла Сәдуақасов өзінде бар біраз  құнды жәдігерлермен бөлісті.  

«Әр өңірде күйдің өз мақамы бар. Тіпті шертпе күйдің өзінің бірнеше ойнау түрі бар.  Халқымыздың маңдайына біткен киелі өнерін өшіріп алмай, келер ұрпаққа жеткізу біз үшін парыз. Сондықтан да мәдениеттанушылар бүгін бізге келді», – деді Қ. Сәдуақасов.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары