$ 494.87  520.65  4.91

Серік Ахметов Назарбаевтан кешірім сұрады

Басына іс түскен еліміздің бұрынғы экс-премьері Серік Ахметов соттағы өзінің соңғы сөзінде Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтан сенімін ақтай алмағаны үшін кешірім сұрады деп хабарлайды "Новости-Казахстан" АА.

Естеріңізге салайық, Ахметовты мемлекеттің ірі көлемдегі қаржысына қол салды деп айыптауда. Сондай-ақ, оған ірі көлемде пара алды деген айып та тағылған болатын. Алайда, мемлекеттік айыптаушылар соңғы процестердің бірінде бұл айыптың дәлелденбегенін айтты. Дегенмен, прокурорлар соттан экс-премьерді 12 жылға бас бостандығынан айырып, мүлкін тәркілеуді сұрап отыр.

"Мен Мемлекет басшысына, ұлт көшбасшысына, өзімнің ұстазым Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевқа сөзімді арнағым келеді... Мен Нұрсұлтан Әбішұлынан сенімін ақтай алмағаным үшін кешірім сұрағым келеді" деді Ахметов сот отырысындағы соңғы сөзінде.

Ол өзіне тағылған кінәларды мүлдем мойындаған жоқ.

"Егер сот пен Мемлекет басшысы мені қайта қатарға қосса мен еліміздің болашағы үшін еңбек ете беремін. Қандай жағдай болмасын, мен еліме, Елбасыма сенімді боламын" деп сөзін қорытындылады бұрынғы премьер-министр.

Айта кетейік, Ахметовпен бірге Қарағанды облысының бұрынғы басшылары да сотталуда.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары