Соңғы жаңалықтар

Ахметов ісі

Апелляциялық сот Серік Ахметовтың үкімін өзгертті

Қарағанды облыстық сотының апелляциялық алқасы бүгін жемқорлық бабы бойынша сотталған экс-шенеуніктердің ісін қайта қарап, алғашқы сот үкіміне өзгеріс енгізді деп хабарлайды informburo.kz.

Серік Ахметовтың артына енді салықшылар түсті

10 жылға сотталаған Серік Ахметовтің артына енді салықшылар шам алып түсті леп жазады KTK. Экс-премьердің меншігіндегі жер мен мүлік салығы төлемін 20 күнге кешіктірді деген құзырлы орган сотқа шағымданып, қарызды күштеп өндіріп алуға қол жеткізген.

Серік Ахметов апелляциялық шағым түсірді

10 жылға бас бостандығынан айрылған Қазақстанның экс-премьері Серік Ахметовтың адвокаттары оны ақтап алу мақсатында апелляциялық шағым түсірді. Бұл жайында Ахметовтың қорғаушыларының бірі Николай Лесник мәлімдеді.

Жалған хатты жазған Серік Ахметовтің көмекшісінің бауыры болып шықты

Бүгін Қарағанды қаласының Қазыбек би аудандық сотында айыпталушы Дәулет Сәрсенбаевқа қатысты қозғалған істі тыңдау барысында сотталушының кінәсі дәлелденді. Ол әлеуметтік желілерде қаржы полицейлерінің атынан жалған хат жариялап, онда Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі мен жоғары шенді шенеуніктерді құқыққа қайшы іс-әрекеттерге барды деп айыптаған. Бұрынғы жоғары шенді шенеунік көмекшілерінің «лас» ойынын Ұлттық қауіпсіздік комитетінің қызметкерлері әшкереледі, деп хабарлайды BNews.kzтілшісі.

Ахметовтің қорғаушылары аппелляциялық шағым дайындап жатыр

Экс-премьер, бұрынғы Қорғаныс министрі Серік Ахметов пен ауыр жазамен келіспеген өзге де қарағандылық бұрынғы шенеуніктердің қорғаушылары жаппай кері шағым түсірмекші деп хабарлайды 31 арна.

Бауыржан Әбдішев соттағы соңғы сөзін айтты (ВИДЕО)

Қарағанды облысының экс-әкімі Бауыржан Әбдішев соттағы соңғы сөзін айтты. Саясаткер өзіне тағылып отырған айыптардың ешқайсымен келіспейтінін және бұл істі бәзбіреулердің алдын ала ұйымдастырғанын мәлімдеді.

Серік Ахметов Назарбаевтан кешірім сұрады

Басына іс түскен еліміздің бұрынғы экс-премьері Серік Ахметов соттағы өзінің соңғы сөзінде Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтан сенімін ақтай алмағаны үшін кешірім сұрады деп хабарлайды "Новости-Казахстан" АА.

Ахметов ісі: Бауыржан Әбдішев өз кінәсін мойындамады

Қарағанды облыстық сотында экс-премьер Серік Ахметовтің және одан басқа 20 кейіпкердің соты аяқталуға жақындады. Сотталушыларға сот алдында жауап беруге кезек келді. Бірінші болып сотта түсінік берген Қарағанды облысының бұрынғы әкімі Бауыржан Әбдішев өз кінәсін мойындаған жоқ.

Ахметов ісі: Куәгер Кордович ақшаның ізін жасыру дерегін растады

Қарағанды облыстық сотында С. Ахметов және басқа лауазымды шенеуніктердің қылмыстық ісі бойынша куәгерлерден жауап алу жалғасып жатыр. 11 қарашадағы сот отырысында «Топар жылыжайлары» ЖШС-не қатысты эпизодты қарау кезінде куәгер Галина Кордович сотқа жауап берді. Айта кетерлігі, бұған дейінгі сот отырысында түсінік берген куәгерлерден «Топар жылыжайлары» жобасындағы қондырғының құны 3 млн. еуроға әдейі көтерілгені мәлім болған.

Ахметов ісі. Д. Нұрбаев араб компаниясына ақшаны қалай аударғанын айтты

«Ахметов ісі» бойынша сотта түсінік берген сотталушы Думан Нұрбаев сотталушы Әлжан Ақмолдаевтың (Қазақстандық өнеркәсіптік корпорацияның бұрынғы вице-президенті) нұсқауымен Дубайдағы«Al Karada General Trading LLC» компаниясының шотына 1 млн. доллар ақша аударғанын айтты.