12.09.2019, 03:33

1992 жылы жоғалып кеткен әйелге тиесілі автокөлікті тапты

Тамыз айында он үш жастағы Макс Веренка анасы Нэнсимен бірге көлге келеді.

Канаданың Ревелсток қаласында жасөспірім 1992  жылы жоғалып кеткен әйелге тиесілі автокөлікті тапты, деп хабарлады CBS News.

Тамыз айында он үш жастағы Макс Веренка анасы Нэнсимен бірге көлге келеді. Олар қайық жалға алып, серуендеп жүрген кезде су астында жатқан көлікті байқайды. Шақыртуға келген полицейлер күн қатты ысып тұрғандықтан көлікті көре алмайды. Содан жасөспірім GoPro камерасын алып, оны суретке түсіру үшін су түбіне түседі.  

Полиция көлікті шығарғанда, ол 1986 жылғы қара түсті Honda Accord екені анықталды. Салоннан 1992 жылдың күзінде із-түзсіз жоғалып кеткен Джанет Фарристің денесі табылды. 

Әйел танысының үйлену тойына бара жатқан, алайда ол мерекеге жете алмайды. Полиция Фаррис апатқа ұшырап, қайтыс болды деген болжам жасады, бірақ әйел мен көлік табылмады.

Құқық қорғау органдары табылған көлік туралы Фарристің отбасына хабарлады. Марқұмның ұлы Джорджтың айтуынша, оның туыстары тағдырдың жазғанына көндіккен, алайда оған не болды және оның сүйегі қайда деген сұрақтар осы күнге дейін мазалап келген.Олар бұған жауап тапты.

Әйелдің сүйегі өртеліп, күлі 1984 жылы қайтыс болған күйеуінің қасына жерленбек.

Дереккөз: Sputniknews.kz

Тегтер: Канада