$ 494.87  520.65  4.91

Өзбекстанда спортшы төбелестен көз жұмды

Омонов Ташкент көшесінде болған төбелестен кейін ауруханада қайтыс болды.

Өзбекстандағы танымал ММА шебері Муслимбек Омонов Ташкент көшесінде болған төбелестен кейін ауруханада қайтыс болды деп хабарлайды Риа Новости-ге сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Ташкент қалалық ішкі істер  бөлімі баспасөз қызметі хабарлағандай, 11 қыркүйек күні түнде Ташкенттегі кафелердің бірінде екі топ жігіттердің арасында жанжал шыққан. Кейін олар мәселені шешу үшін басқа орынға аттанған.

"Нәтижесінде төбелеске қатысқан үш жігіт дене жарақаттарымен ауруханаға жүгінді. Олардың бірі 23 жастағы Муслимбек Омонов дәрігерлердің күш-жігеріне қарамастан, көз жұмды", - дейді қалалық ішкі істер бөлімінің өкілі.

Боксшының қандай жарақат алғаны айтылмаған.

Ведомствода бұл оқиғаға қатысты "қасақана ауыр дене жарақатын келтіру" бабы бойынша қылмыстық іс қозғалғанын мәлімдеді. Бап санкциясы сегіз жылдан 10 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасын қарастырады.

"Бұзақылық әрекетке қатысқан барлық тұлғалар анықталды. Тергеу жұмыстары жүріп жатыр", - деді

Айта кетейік, марқұм Муслимбек Омонов аралас жекпе-жек шебері болған. Ол кикбоксингтен Өзбекстанның жеті дүркін чемпионы, кикбоксингтен әлем чемпионы, сондай-ақ, ММА бойынша Азия чемпионы.

Атап өтсек, бұл Ташкенттегі MMА шеберінің өлімі тіркелген бірінші жағдай емес. 2018 жылдың тамыз айында Өзбекстан чемпионы Жамшид Кенжаев түнгі клубтардың бірінде күзетшілермен болған жанжалдан кейін қаза болған.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

#Өзбекстан