Қазақстанның территориясында атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты тұрақсыз ауа-райы сақталады, соған байланысты жауын-шашын, бұрқасын, тұман, көктайғақ, желдің күшейуі күтіледі, деп хабарлады ҚР ІІМ ТЖ Комитетінен.
Алматы, Қызылорда, Оңтүстік Қазақстан, Павлодар, Қарағанды, Солтүстік Қазақстан, Шығыс Қазақстан облыстарында кей жерлерінде көктайғақ, бұрқасын күтіледі, жел 17-22 м/с дейін күшейеді, түнде және таңертен Оңтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде желдің екпіні 25 м/с күшейеді.
Қостанай, Солтүстік Қазақстан облыстарының кей жерлерінде тұман түседі, жел 15-20 м/с күшейеді, бұрқасын болады. Маңғыстау, Батыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде тұман түседі. Ақмола облысының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейеді, бұрқасын болады. Жамбыл облысының кей жерлерінде бұрқасын тұман, көктайғақ болады, жел 18-23 м/с күшейеді, түнде желдің екпіні 28 м/с дейін жетеді. Ақтөбе облысының кей жерлерінде тұман түседі, жел 18 м/с күшейеді.