$ 443.35  475.54  4.82

Мәдениеттанушы ғалым Мұрат Әуезов Қарағанды өңірінде болып қайтты

Кездесу Мәдениет пен тілдер диалогы деген атпен еркін форматта өтті.

Алаштың айтулы тұлғасы,   қоғам қайраткері, мәдениеттанушы-ғалым Мұрат Мұхтарұлы Әуезов аймағымызға ат басын тіреді.  Ол Достық үйінде этномәдени бірлестік өкілдерімен, журналистермен, жазушылармен, ақындармен және жастармен кездесті.  

Кездесу Мәдениет пен тілдер диалогы деген атпен еркін форматта өтті. Мұрат Мұхтарұлымен бірге бір топ   ғалымдар, атап айтсақ, тарих ғылымдарының досторы, профессор Марат Сембі, Қазақстан халқы Ассамблеясы ҒСТ мүшесі, профессор Нұрсұлу Шаймерденова және «Выпускники российских вузов» қазақстандық бірлестігінің президенті Джемма Аманжолова Елбасының «Рухани жаңғыру» мақаласы аясында халықпен пікір алмасып, ой-толғаныстарын ортаға салды.  

Қасиетті  Арқа  өңірінен небір  зиялылар мен жақсы-жайсаңдар, ғалымдар шыққан. Мұнда келу мен үшін үлкен қуаныш. Айтылар әңгіме де қозғалар ой да салмақты болатынына сенімдімін. Бүгін осы Достық үйінің кітапханасына арнайы «Времен связующая нить» атты кітабымды сыйға тартамын. Әкем алашордашылармен де аралас-құралас болды. Мені өз қолымен 1-сыныпқа қазақ мектебіне ертіп апарғаны да әлі күнге есімде. Әкеден алған тәрбиемді, білген-түйгенімді осы кітаптың ішіне сыйғызуға тырыстым. Мұрат Әуезовті осы кітаптың ішінен іздесеңіздер болады, - деді Мұрат Мұхтарұлы. Сондай ақ, Мемлекет және қоғам қайраткерінің жүріп өткен өмір жолынан сыр шертетін кітапта тәуелсіздіктің қадір-қасиеті де терең жазылған.   Менің    армандаған тәуелсіздігім – осы кітапта сәл де болса орнын тапқан дүние,- деп толықтырды ол.

Атап кетейік аталмыш шараның ұйымдастырушылары Украинаның Қазақстандағы құрметті консулы Ерлан Досмағамбетов пен тақауда ғана құрылған «Қоғам.Тіл, Мәдениет» ҚБ президенті Нұрсұлу Бөкетова. 

Достық үйінде құрметті қонақтар шығармашылықты дамыту орталығында және мұражайда болды. Бұдан соң, конференц залында жиналған жұртшылық өз сауалдарын қойып, Мұрат Әуезов   жиналғандарға ұлы ойшыл- данышпан Абайдың философиялық-дүниетанымдық көзқарастарының еліміздің өскелең ұрпағы үшін маңызы туралы әңгімелеп берді. Сондай ақ, өркениетті ұлт, ең алдымен, тарихымен, мәдениетімен және ұлтын ұлықтаған тұлғаларымен мақтанатынын, осылайша, тек өзінің ұлттық төл мәдениеті арқылы ғана басқаға танылатынын, Осы орайда “Рухани жаңғыру ” бағдарламасы - мәдениетке деген мемлекеттік көзқарастың ұстанымын айқындаған маңызды жоба екенін атап кетті.  Кездесудің екінші бөлімі аймағымыздың журналистері, ақын-жазушылары енген Әдеби клубтың құрылуымен жалғасты. 
 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары