Аймақтық бұқаралық ақпарат құралдарының форумы дәстүр бойынша AstanaMediaWeek 2019 аясында ұйымдастырылды және бұл апталық осымен қатарынан үшінші жыл өтіп жатыр. Қазақстанның барлық облыстарынан түрлі баспа және интернет басылымдар, телеарналар мен ақпараттық агенттіктердің өкілдері өз жұмысын жақсартудың өзекті құралдарына қол жеткізу үшін Нұр-Cұлтанға келді.
Форумды Аймақтық БАҚ альянсының президенті Ержан Сейтқазинов ашып, «Digital форматтағы SMM: әлеуметтік желілерге арналған контент-жоспарды әзірлеу, блогерлермен өзара әрекет ету формалары» атты бірінші панельдік сессияға модератор болды. Контентті құрастыру мне оны әрі қарай жылжыту ерекшеліктері туралы SMM саласындағы танымал сарапшылар: «Қазақстан» РТРК» АҚ басқармасы төрағасының бірінші орынбасары Құрманбек Жұмағали, «Рухани жаңғыру» қазақстандық қоғамдық даму институты» КАҚ басқарма төрағасының кеңесшісі Евгений Кочетов, «SUCCESS K» стратегиялық коммуникациялар агенттігінің басшысы Ләззат Көккөзова, «QZMedia» («Тұмар 2019» телевизиялық сыйлығының «Үздік аймақтық жоба» номинациясының жеңімпазы) бас директоры Закиржан Мамлютов пен коммуникациялар және контент өндірісі саласындағы халықаралық сарапшы Андрей Чеботарев айтып берді.
Спикерлер контентті қалай дұрыс құру, қандай контент неғұрлым тартымды, аудиторияның назарын өзіне қалай аударту керектігі туралы көптеген қызық ақпаратты айтып берді. Аракідік лақтырылып тұратын фейк ақпарат ағынына арнайы назар аударылды. Мұндай ақпарат түрімен күрестің кейбір әдістері ұсынылды. Айта кету керек, аудитория мәселені талқылауға белсенді түрде қатысты.
Бәсекелес контентті құруға арналып, Құрманбек Жұмағали модераторлық еткен екінші панельдік сессия барысында жаңалық емес материалдарды жазудың әдістері ұсынылды. Спикерлер «Айқын» газетінің бас редакторы Нұрмұхамед Байғара және «Қазақстан» РТРК» АҚ эфир жүргізушісі Нартай Аралбайұлы журналистермен кәсіби тәжірибесімен бөлісті.
Мұнан бөлек форум аясында өзге іс-шаралар да өткізілді. Андрей Чеботарев «Аймақтық медианы дамытудың инновациялық әдісі ретіндегі конвергенция» тақырыбында семинар өткізді. Ол конвергенцияны қолданатын және табысқа жеткен бірқатар танымал медиажобаларды мысалға келтірді.
Baq.kz ақпараттық агенттігінің бас редакторы Ерлан Оспан «Конвейердегі сауат» тақырыбы бойынша шеберлік класын өткізді. Ал «Qazaqstan tarihy» интернет жобасының бас редакторы Алтынбек Құмырзақұлы «Тақырыптық сайттарға оқырман тарту жолдары және контент сапасы» шеберлік класы кезінде тақырыптық сайттарға аудиторияны тарту туралы айтып берді.