$ 494.87  520.65  4.91

Қарағандыда жастарға арналған ақпараттық керуен ұйымдастырылды

ҚХА Қарағанды облыстық филиалында жастарға «Рухани жаңғыру» бағдарламасы жан-жақты түсіндірілді.

Қарағанды облысында Қазақстан халқы Ассамблеясының «Жаңғыру жолы» Республикалық жастар қозғалысы мен Ұлттық Дельфий комитеті «Рухани жаңғыру» бағдарламасын түсіндіру бойынша ақпараттық керуен ұйымдастырды.

Керуен қатысушылары өңірдің белсенді жастарымен кездесті. Бірінші кездесу Теміртау қаласында өтті, онда қалалық саябақ аумағында 5 бағыт бойынша білім беру блоктары өтті: Қоғамдық келісім үлгісі, қазақ халқының мәдениеті, білім берудегі инновациялар, бизнес-инкубатор және әлеуметтік жобалар зертханасы.

«Біз қарапайым дәріс форматынан алшатаймыз. Ол үшін аудиториямен тікелей диалог жүргізуге тырысамыз. Бүгінгі жастар керуеніміздің жұмысына қызығушылық танытады деп және спикерлердің әрқайсысы белгілі бір жастарға арналған тәлімгер болады, олар өз жобаларын жүзеге асыруға ниет білдіреді немесе өз бастамасын ұсынадыдеп үміттенемін», - деді ҚХА жанындағы «Жарасым»РМҰ төрағасы Тимур Жұмырбаев.

Кездесуден кейін керуен қатысушылары ҚР Тұңғыш Президентінің орталығына барып, Нұрсұлтан Назарбаевтың мықты саясаткер және мемлекет қайраткері ретіндегі қалыптасу тарихымен танысты. Дәл осы Теміртау қаласында Елбасы еңбек жолын домна пешінің көрікшісі болып бастаған. Бүгін Тұңғыш Президенттің өмірбаяны Теміртау мұражайында сақтаулы.

Келесі кездесу Қарағанды қаласында өтті. Облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясының қолдауымен Достық үйінде керуен қатысушылары өңір жастары үшін білім беру тренингтерін өткізді. Шарада спикерлер ретінде «Жарасым» РМҰ төрағасы Тимур Жұмырбаев, «Қазақстанның 100 жаңа тұлғалары» жобасының жеңімпазы Әмір Қуат, дизайнер Гүлмира Жолаева, Нұр-Сұлтан қаласының «Жаңғыру жолы» РЖҚ штабының төрағасы Наталья Карагеур және Қарағанды облысының жастар қозғалысы аймақтық штабының төрағасы Александр Урмашов баяндама жасады.

«Мен жастармен бизнеспен айналысқан уақыт ішінде жинаған тәжірибеммен бөлістім.  Ал бұл аз да емес, көп те емес – 8 жыл. Біз жастарға тауашаны қалай таңдау керек, нарық қажеттілігін білу және қалай қателеспеу керектігін айтып береміз», - деді спикерлердің бірі Әмір Қуат.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары