$ 444.22  476.38  4.82

Достық үйінде Қарағанды облысының ҚХА Кәсіпкерлер қауымдастығының жұмыс мәжілісі өтті

Егер әлеуетті инвестор бизнес ашуға немесе қандай да бір мәмілеге қатысты кез-келген мәселе бойынша кеңес сұраса, кәсіпкерлер қауымдастығы осы мәселені шешу үшін тікелей сол органдарға, мемлекеттік құрылымдарға жүгінетін болады.

Қазақстан халқы Ассамблеясы кәсіпкерлер қауымдастығы 2015 жылы құрылған болатын. Оның жұмысының негізгі мақсаты – азаматтардың әлеуметтік-экономикалық әл-ауқатын арттыру үшін жағдай жасау, кәсіпкерлерді шоғырландыру, этностардың тарихи елдерінен инвестициялар, жаңа технологиялар мен идеяларды тарту. Бүгінгі таңда барлық өңірлерде төрағалар тағайындалды және олардың кейбіреулері іс жүзінде барлық қызмет салаларында, өз өңірлерінде инвесторларды тарту бойынша белсенді жұмыс жүргізуде.

Дөңгелек үстелдің модераторы аймақтық қауымдастықтың төрағасы Виталий Тварионас ағымдағы жылдың сәуір айының соңында Ассамблеяның 27-ші сессиясы барысында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың алға қойған міндеттеріне тоқталды.

Атап айтқанда, ҚР Сыртқы істер министрлігіне ҚХА Кәсіпкерлер қауымдастығы желісі бойынша шетелдік инвесторлармен экономикалық ынтымақтастықты кеңейту, іскерлік байланыстарды дамыту және елге инвестиция тарту үшін Ассамблеяның шетелдік достарының клубын құру, ҚХА Кәсіпкерлер-өкілдерін шетелдер мен екі жақты іскерлік кеңестерге енгізу тапсырылды. Ал ҚР Ұлттық экономика министрлігі «Атамекен» Ұлттық Кәсіпкерлер палатасымен бірлесе отырып, қауымдастық қызметінің сапалы жаңа деңгейін қамтамасыз ету және оның құрамын бизнес-қоғамдастықтың жетекші өкілдерімен күшейту жөнінде шаралар қабылдау керектігі айтылды. 

«Біздің елімізде бизнесті табысты дамыту үшін Ассамблея Төрағасы, Ұлт Көшбасшысы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев осы жұмысқа этномәдени бірлестіктерді көбірек тартуға өкім берді. Біз, этномәдени бірлестіктердің төрағалары, өзіміздің этникалық Отанымыз бен мәдени байланыстар бойынша ерекше байланыс ұстаймыз, алайда бізде сіздердің беделдеріңізді пайдалана отырып, экономикалық қарым-қатынастарды дамытуға бірегей мүмкіндік бар.Сіздер тұрақты түрде экономикалық бөлімдері бар елшіліктермен, сондай-ақ, сол елден келген бизнесмендермен тікелей қарым-қатынас орнатасыздар. Қазақстан халқы Ассамблеясының кәсіпкерлер қауымдастығы арқылы осы байланыстарды жолға қоюға және біздің аймақтың экономикамызды дамытуға тамаша мүмкіндік бар. Бұған біздің қоғамдық және мемлекеттік институттар, яғни мемлекеттік жекеменшік серіктестік ықпал етеді», - деді Виталий Иванович.

Біздің өңірімізге келетін болсақ, Ассамблеяның кәсіпкерлер қауымдастығы кеңсе орналасатын үй-жай бөледі. Онда кәсіпкерлерді қолдау жөніндегі ақпараттық орталық құрылып, бизнесті дамытуға негіз құру үшін қажетті кездесулер өткізіледі. Тек осы бағытта шоғырлану, табыс табу, шағын және орта бизнестің неғұрлым кең дамуына мүмкіндік беру, сондай-ақ өз қауымдастығына қаржылық қолдау көрсету қажет.

Бұл жүйе қалай жұмыс істейді?

Егер әлеуетті инвестор бизнес ашуға немесе қандай да бір мәмілеге қатысты кез-келген мәселе бойынша кеңес сұраса, кәсіпкерлер қауымдастығы осы мәселені шешу үшін тікелей сол органдарға, мемлекеттік құрылымдарға жүгінетін болады. Медиация институты, шарттарды заңды түрде дұрыс жасау үшін білікті адвокаттар жұмылдырылатын болады. Егер өңірдегі кез-келген деңгейде бизнесмендермен кездесу өткізу қажет болса, диалог алаңы ретінде кеңсе ғана емес, сондай-ақ тиісті құрылымдар қатысуға тартылмақ. Қауымдастық құрамына қандай да бірмүшелік жарналар қажет емес. Бұл ретте белсенділік пен ауқымды жұмыстар өз жемісін береді деп күтуде кездесуге келген қатысушылар. 
 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары