$ 448.15  483.46  4.86

Павлодарда бұқа өз иесін сүзіп өлтірген: ұлы әкесінің денесін тауып алды

Полицияның мәліметінше, бұл факт тіркелген, сараптама тағайындалды.

Оқыс оқиға 11 қыркүйекте Павлодар облысының Ақсу ауылдық аймағына қарасты Ақжол ауылында болды, деп хабарлады Stan.kz.

«Қорада тұрған бұқа сыртқа атып шығып, далаға қарай жүгірді. Иесі бұқаны үйіне қайтару үшін оның артынан жүгірді», - деп хабарлады облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Әкесінің ұзақ уақыт жоқ болғанына уайымдаған баласы оны іздеуге шығады. Ауылдың шетіндегі дала аймағында 62 жастағы әкесінің денесін тапты. Дене жарақаттарының сипатынан асыл тұқымды бұқа қожайынын сүзіп өлтіргені байқалады.

Полицияның мәліметінше, бұл факт тіркелген, сараптама тағайындалды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары