Қырғызстанның Ыстықкөл облысында дауыл жүріп, бірнеше ғимаратты қиратып кетті. Зардап шеккендер бар, деп хабарлайды Almaty.tv.
Қатты жел кеше түнде болған.
Табиғи апаттан келген шығын 55 миллион теңге. Көбіне электр желілері мен ғимараттардың шатырлары жұлынып кеткен. Апаттан екі адам жарақат алыпты. Біреуі жан сақтау бөлімінде жатыр. Келесі науқасқа медициналық көмек көрсетілген соң үйіне жіберілген. Ресми ақпаратқа сай, желдің жылдамдығы секундына 25 метрді құраған.
Дауылдан 47 үй, 19 шаруашылық және жылыжай мен кірпіш зауыты зақымданған. Қазір ғимараттарды қалпына келтіру бойынша мәселелер қарастырылып жатыр.