$ 444.22  476.38  4.82

6000-ға жуық порнографиялық сайт бұғатталды

Вице-министрдің сөзіне сенсек, елімізде кәмелет жасына толмағандардың өліммен аяқталатын қылмыстарды жасау көрсеткіші 62% азайған.

Қазақстанда бала психикасына кері әсер ететін 800-ге жуық сайт бұғатталды. Бұл туралы балалар мен жасөспірімдерді заңсыз әрекеттерден қорғау бағытында жүргізіліп жатқан шаралармен таныстырған Ішкі істер министрлігі мәлімдеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат агенттігі. 

Жыл басынан бері интернет кеңістігіне мониторинг жүргізу арқылы 6 мыңға жуық порнографиялық сайт анықталған. Нәтижесінде оның 800-ге жуығы бұғатталды», - деді ҚР Ішкі істер министрінің бірінші орынбасары Марат Қожаев ОКҚ-де өткен баспасөз мәслихатында.

Вице-министрдің сөзіне сенсек, елімізде кәмелет жасына толмағандардың өліммен аяқталатын қылмыстарды жасау көрсеткіші 62% азайған.  

«Бүгінде мектептерде 2 мыңнан астам тәртіп сақшысы балалармен жұмыс істейді. Еліміз бойынша 7 мыңнан астам мектеп бар. Осы орайда бізге балалар және жасөспірімдермен жұмыс істейтін тағы 2 мыңдай полицей керек. Сондай-ақ, біздің мамандар балалармен қатар, олардың ата-анасымен де тікелей жұмыс істейді», - деді ол.

Оның ішінде балалардың дамуы мен психикасына әсер ететін сайттар да бар. Сондай-ақ, кәмелетке толмаған балалар мен жасөспірімдердің атынан әлеуметтік желілерде жалған аккаунт ашып, заңсыз және балаларға қарсы қылмысқа итермелеуге бағытталған контенті бар интернет-ресурстарды айқындауға кіріскен.
 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары