$ 498.34  519.72  4.85

Ақтөбеде ер адам өзен жағасында көлік ішінде қыз зорламақ болған

Оқиға 8 шілде күні болған.

Ақтөбеде Елек өзенінің жағасында көлік ішінде қызға зорлық көрсеткен күдікті ұсталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Оқиға 8 шілде күні болған. Полиция қызметкерлері Елек өзені бойында тұрған көлікке баса назар аударған. Сол кезде көлік ішінен бір қыз жүгіріп шығып, өзін зорлағанын хабарлады. 

«Оқиға орнында күдікті мен көлік жүргізушісі ұсталды. Олар №3 Ақтөбе қаласы Алматы аудандық полиция бөліміне жеткізілді. Қылмыстық кодекстің 120-бабы 1-бөлігімен (»Зорлау«) іс қозғалып, сараптама тағайындалды. Күдіктілер үйқамаққа алынды. Тергеу кезінде іс Қылмыстық кодекстің 120-бабы 2-бөлігіне  қайта өзгертілді», - деп хабарлады облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметінен. 

Айта кетейік, қылмыстық іс облыстық ПД бастығының бақылауына алынды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

#Ақтөбе