$ 444.22  476.38  4.82

17 жастағы оқушы танымал рэпердің концертінен соң қайтыс болды

Құқық қорғау органдарының қызметкерлері қайтыс болған жасөспірімнің жақын жердегі мектепке баратын жергілікті тұрғын екенін анықтаған.

Мәскеуде рэпер ConVolk-тың концертінен кейін 17 жастағы оқушының денесі табылды, деп хабарлайды «Московский комсомолец» газетіне сілтеме жасаған Tengrinews.kz. 

Таңғы 9:40-та коммуналдық қызметтің жұмысшысы көшені тазалап жүріп, 11-сынып оқушысының денесін тауып алған. Құқық қорғау органдарының қызметкерлері қайтыс болған жасөспірімнің жақын жердегі мектепке баратын жергілікті тұрғын екенін анықтаған. 

Оқиғадан бір күн бұрын 17 жастағы оқушы досымен бірге рэпер ConVolk-тың концертіне барған. Оқушының ата-анасы ұлының үйге 23:30-да келгенін айтады. Кейін әкесімен сөйлесіп, өз бөлмесіне кеткен екен. Жасөспірімнің туыстары оның үйге қонған-қонбағанын нақты білмейді.  

Ертеңіне таңда оқушының әкесі оятқышты естіп, бөлмеге кіргенде баласын таппаған. Ұлының қайда екенін оған жедел топтың қызметкерлері хабарлаған.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары