$ 444.22  476.38  4.82

Несие рәсімдеуге келген ақтөбелік зейнеткер банк бөлімшесінде көз жұмды

Марқұмның туыстары оның денсаулығына ешқашан шағымданбағанын атап өтті.

Ақтөбеде банктердің бірінің бөлімшесінде зейнеткер қайтыс болды. Ер адам менеджермен сөйлесіп тұрған кезде есінен танып қалды деп хабарлайды "Диапазон"-ға сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Оқиға 6 қыркүйекте орын алды.

72 жастағы ер адам бауырымен бірге шағын несие рәсімдеу үшін банктердің бірінің бөлімшесіне келді.

Туыстарының сөзінше, ол менеджерге қарама-қарсы отырып, бір кезде басын үстелге қойған. Мұны байқап қалған зейнеткердің бауыры жүгіріп, көмек көрсетуге тырысты, алайда ол есін жимады. Жедел жеткен дәрігерлер тек ер адамның кенеттен қайтыс болғанын айтты.

Марқұмның туыстары оның денсаулығына ешқашан шағымданбағанын атап өтті. Туғандары оның сол күні сергек жүріп, жақсы көңіл-күйде болғанын айтты. Олар бұған не себеп болғанын түсінбеді.

Ақтөбелік тұрғынның қайтыс болу себебін сот-медициналық сараптама анықтауы тиіс.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары