$ 498.34  519.72  4.85

Нұр-Сұлтанда өгей әке үш жасар қызын ұрып өлтірген

Сәби нашар отбасында дүниеге келген. Анасы полицияның бақылауында, ал өгей әкесі бұрын сотталған.
Фото: РИА Новости
Фото: РИА Новости

Ата-анасы 3 жастағы қызын ұрып-соққан. Бала ауруханаға жеткізілді, артынша ол реанимацияда қайтыс болды, деп хабарлайды NewTimes.kz.

Бұл туралы @patriotkaragandy Instagram-парақшасында жазды.

«Қызды қатты ұрып-соққан - ол ауруханаға түрлі дене жарақатымен, сынықтармен түскен болатын. Сәби нашар отбасында дүниеге келген. Анасы полицияның бақылауында, ал өгей әкесі бұрын сотталған», - делінген жазбада.

NT редакциясы ақпаратты растау үшін елордалық полиция департаментінің баспасөз қызметіне хабарласты.

«Оқиғаның болғаны рас. Күдікті азамат Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 3-бөлігінің 106-бабы - дәрменсіз күйде болған адамға қасақана ауыр зиян келтіргені үшін ұсталды. Ол қайтыс болған сәбидің өгей әкесі болып шықты. Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр, деп хабарлады Нұр-Сұлтан қалалық ПД-нің баспасөз қызметі.

Денсаулық сақтау департаментінің баспасөз қызметі медициналық құпиялылыққа байланысты егжей-тегжейлі айта алмады.

«Денсаулық сақтау кодексінің 95-бабының 3 және 4-тармақтарына байланысты бұл ақпарат берілмейді. Яғни, пациенттердің жеке деректерін қорғау үшін», - деп түсіндірді департамент.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары