Жыл басынан бері Атырау облысында 764 адам қызылшамен ауырған, деп хабарлайды ҚазАқпарат агенттігі.
Батыс Қазақстанда 119 адам қызылша жұқтырған.
«Қызылшаға шалдыққан 764 адамның ішінде 14 жасқа толмаған 557 бала болған. Олардың арасында бір жасқа толмаған 150 бүлдіршін бары анықталды», - деп хабарлады, Атырау облыстық сапаны бақылау және тауарлар мен қызметтердің қауіпсіздігі департаменті басшысының орынбасары Амантай Жұмағалиев.
Індеттің асқынуына байланысты балаларға 9 айға толған сәттен бастап екпе егу туралы шешім қабылданды. Бұдан бұрын бір жасқа толған сәттен бастап егілетін еді.