$ 498.34  519.72  4.85

Оралда автокөлік әйел адамды қағып кетті

Оқиға бүгін түске таман Ә.Әйтиев көшесі бойында болды.

Оралда автокөлік әйел адамды қағып кетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат. 

Оқиға бүгін түске таман Ә.Әйтиев көшесі бойында болды. 

Облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз хатшысы Айнагүл Сақпосынованың айтуынша, жедел жәрдем сағат 11.58-де шақыртылған. 

Бригада оқиға орнына 12.03-те жетті. Автокөлік қаққан жасы 50-55-тердегі әйел жабық бас-ми жарақатын алып, миы шайқалған. Оған қоса басының төбе тұсынан жарақаттанған әйел облыстық көпбейінді ауруханаға жеткізілді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

#Орал