$ 494.87  520.65  4.91

Леңгірлік оқушылардың неден уланғаны белгілі болды

Оқушыларға медициналық көмек көрсетілген.

Түркістан облысында мектеп оқушыларының газ баллонынан уланғаны белгілі болды. Оны оқушылардың бірі алып келген, деп хабарлайды Stan.kz.

"12 қыркүйек күні сағат 11.40-та мектептердің бірінде оқушылардың жаппай уланып қалғаны туралы хабарлама келіп түсті. Болжам бойынша 10-сынып оқушысы мектепке газ баллонына ұқсас зат әкелген. Ол қызық көріп, газ баллонын шашып көреді. Нәтижесінде 30 оқушы өздерін жайсыз сезініп, жедел ауруханаға жеткізілді", - дейді Түркістан облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі. 

Оқушыларға медициналық көмек көрсетілген. Сегіз бала дәрігердің бақылауында қалып, қалғаны үйіне жіберілген. Жеткіншектің айтуынша, ол газ баллонын көшеде тауып алған екен. Сөйтіп мектепке әкеліпті. 

Полиция тексеру жұмыстарын жүргізіп бастады. Қазіргі кезде оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

#Леңгір