$ 498.34  519.72  4.85

Қытайдың көксегені қазақтың жері емес - Берік Уәли

Бұл мәселе жанжақты талқыланды.

Қытайдың көксегені қазақтың жері емес! Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қытайға мемлекеттік сапары қорытындыларын жариялаған Ақорданың баспасөз хатшысы осылай деді. Оның айтуынша, Қытай мен Қазақстан ара қатынасында экономикалық мүдде ғана бар, деп хабарлайды КТК телеарнасы.

Берік Уәли, Қазақстан Республикасы президентінің баспасөз хатшысы: 

- Қытай Қазақстанның жеріне ешқашан көз алартып қарамайды. Біздің территориялық тұтастығымызды толық мойындап отыр. Қазақстанға тек стратегиялық әріптес ретінде қарайды. Оның негізгі мақсаты – сауда жасау, сауда арқылы пайда табу. Әлемнің қай түкпірінде жүрмесін, олардың басты мақсаты, мұраты. Осы бағытта жұмыс істеп келе жатыр. 

Қытаймен қол жеткен келісімдер негізінде алдағы уақытта елімізде көлік дөңгелектері мен қозғалтқыштарын жасап шығаратын зауыттар ашылмақшы. 

Сондай-ақ, Тоқаев пен әйгілі миллиардер Джек Маның кездесуі нәтижесінде «Алибаба груп» компаниясының базасында қазақстандық жас мамандарды оқытуға қол жеткізілді. 

Президент көмекшісі Қытайдағы саяси үйрену орталықтарында жатқан қазақтар және 2014 жылы Қытай түрмесіне есірткі тасымалдады деген айыппен қамалған қазақстандық Ақжарқын Тұрлыбайға қатысты да әңгіме болғанын атап өтті. 

Мұрат Нұртілеуов, Қазақстан Республикасы президентінің көмекшісі: 

- Осыған орай мемлекет басшысы Бейжіңдегі кездесулерде Қытай тарапына өзінің жеке өтініштерін жеткізді. Бұл мәселе жанжақты талқыланды. Оның нәтижелері бойынша Сыртқы істер министрлігі арқылы осы жұмысты жалғастыру туралы уағдаластыққа қол жеткізілді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

#Қытай