$ 498.34  519.72  4.85

Арыста тағы жарылыс болып, 4 әскери жараланды

Жараланған әскерилердің халі қалай екенін ведомство жазбаған.

13 қыркүйекте Арыс қаласында әскери қойма аумағын тазарту кезінде оқ-дәрі бөлшектері жарылып, төрт әскери жарақаттанды. Олар әскери ұшақпен Алматыдағы әскери госпитальға жеткізілген. Бұл туралы қорғаныс министрлігі хабарлады. 

Жараланған әскерилердің халі қалай екенін ведомство жазбаған.

Министрлік әскери полиция оқиғадан соң тексеріс бастағанын хабарлады. Ведомство мәлімдемесінде "Арыс тұрғындарына қауіп жоқ. Жағдай бақылауда" деп жазылған.

Қорғаныс министрлігінің хабарына қарағанда, Арыс пен қойма маңындағы нысандарды тазартқан соң оқ-дәрінің басым бөлігі әскери бөлімше аумағына жиналған. "Бірақ оқ-дәрі бөлшектерін толық жинау мен оларды залалсыздандыруға біршама уақыт керек" дейді ведомство.

Арысты атылған оқ-дәріден тазарту кезінде жарылыс болуы алғаш емес. 5 шілдеде қаладағы әскери қоймада "қалып қалған 1-2 снаряд жарылып, артынша өрт шыққан". Қорғаныс министрлігі "зардап шеккендер жоқ" деп хабарлаған.

Дереккөз: Азаттық

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

#Арыс