Осылайша 28 жастағы қазақстандық өзінің кәсіби карьерасындағы сегізінші жеңісіне қол жеткізді. Ал 34 жастағы Хикс алғаш рет жеңілді, деп жазады Stan.kz.
10 раундқа ұласады деп жоспарланған жекпе-жек Madison Square Garden аренасының Hulu Theatre кіші залында өтті. Бұл кештің басты оқиғасы америкалық Девин Хэйни мен ресейлік Заур Абдуллаев арасындағы жекпе-жек еді. Олар жеңіл салмақтағы «уақытша» чемпионның WBC ваканттық титулы үшін таласады.
Елеусінов пен Хикс арасындағы жекпе-жек он раундқа созылғанымен, небәрі бірінші раундта аяқталып қойды. Қазақстандық қарсыласын нокдаунға жіберіп, кейін тағы соққы астына алды. Хикс екінші рет канвасқа түскеннен кейін рефери жекпе-жекті тоқтатты.