Солтүстік Кореяның қырып-жоятын сутектік бомбасы бар. Бүгін КХДР көшбасшысы Ким Чен Ын халық алдында сөйлеген сөзінде осылай деп мақтанды. Бұл жайында ТАСС хабарлап отыр.
"Біз ұлы ядролық державаға айнала білдік. Өз тәуелсіздігіміз бен ұлттық құндылықтарымызды ядролық және сутектік бомбаларымыздың күшімен қорғай аламыз" деді Ким Чен Ын сөз барысында. Ол сондай-ақ, бұдан кейін де әскери белсенділікті арттыра беретінін мәлімдеді.
Айта кету керек, бұған дейін Солтүстік Кореяның сутектік бомбасы дар деген ақпарат еш жерде айтылмаған болатын. 2005 жылдың 10 ақпанында ресми Пхеньян ядролық қару жасап жатқанын мәлімдеді. Ал, 2006, 2009 және 2013 жылдары мемлекет әскері құрлық бетінде бомбаларын тәжірибеден өткізді.