$ 494.87  520.65  4.91

Павлодарда үш сұраққа дұрыс жауап берген кісіні тегін жеткізетін такси пайда болды

Павлодарлық Талап есімді таксист кездейсоқ жолаушыларға туған өлке туралы үш сұрақ қояды және дұрыс жауап берген жағдайда жолақысын алмайды, деп хабарлайды pavlodarnews.kz.

Агенттіктің тілшісі жұмысқа бара жатып, «ерекше» таксидің жолаушысы атанды. 

- Үнемі бір сұрақтар қойылады. Соңғы төрт жылда бір де бір рет сауалдарды өзгерткен емеспін. Сол уақыттың ішінде бір адам ғана ПМУ-де тарих пәнінің оқытушысы жеңімпаз атанды. Оны тегін жеткізіп салғаныма қатты қуандым. Павлодарлықтар туған қаласының тарихын жақсы білсе екен деймін. Ломов көшесі кімнің құрметіне аталғанын білмейтіндері қандай өкінішті, - дейді жүргізуші. 
Ал ол адам Павлодар қаласы үшін қаншама еңбек етті. Жол-жөнекей жолаушыларға сауал қоятын жүргізуші әрі қарай викторинасын жалғастыру үшін сұрақтар мен жауаптардың сырын ашпауды өтінді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары