Жаңалықтар 14.09.2019 сағат 23:28

Нұр-Сұлтанда қыз бала такси жүргізушісімен жанжалдасып, артынша ер адам қызға күш қолданған

Полицейлер дереу көмекке асыққан.
Нұр-Сұлтанда қыз бала такси жүргізушісімен жанжалдасып, артынша ер адам қызға күш қолданған
Бөлісу
Бөлісу
Бөлісу

Нұр-Сұлтанда қыз бала такси жүргізушісімен жанжалдасып, артынша ер адам қызға күш қолданған, деп хабарлайды Tengrinews.kz елордалық ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.  

Полиция қызметкерлері MEGA Silk Way сауда орталығының аумағында "Жолда қабылдау" акциясын өткізіп жатқан уақытта, такси көлігінен қыз баланың айғайлаған дауысын естіген. Полицейлер дереу көмекке асыққан.  

31 жастағы қала тұрғыны такси жүргізушісімен жанжалдасып, дене жарақатын алған. Оларды полиция бөлімшесіне жеткізге. 52 жастағы ер адамға қатысты әкімшілік іс қозғалған.  

Айта кетейік, Нұр-Сұлтанда "Жолдағы қабылдау" республикалық акциясының екінші күні өтіп жатыр. Бір күнде 900-ден астам азамат полицияға түрлі сұрақтармен жүгінген. Жол қозғалысын қамтамасыз ету мәселелері бойынша полиция қызметкерлеріне 153 адам, 130-ға жуық айыппұл төлеу және жүргізуші куәлігін алу және ауыстыру бойынша 100-ден астам азамат жүгінген. 

Оқи отырыңыз

загрузка...

Соңғы жаңалықтар

Қызықты материалдар