Қазақстанның бірқатар өңірінде жел тұрып, күн күркіреп, жаңбыр жауады, қалған бөлігінде күн ашық болады.
Жексенбіде Қазақстанның басым бөлігінде ауа райы жауын-шашынсыз болады. Батыс, оңтүстік, оңтүстік-шығыста ғана күн құбылмалы – кей жерде күн күркіреп, жаңбыр жауады, оңтүстік-шығыста нөсер құйып, дауыл соғады, бұршақ түсуі мүмкін.
Республиканың кей жерінде тұман түсіп, жел тұрады, деп болжам жасады "Қазгидромет" метео қызметі.
Мегаполистердегі ауа райы
Нұр-Сұлтанда күндіз жаңбыр жауады, +20, түнде +8.
Алматыда да күн жаңбырлы болады, +18, түнде +15.
Шымкентте күндіз көшпелі бұлтты, +25, түнде +17.
Өңірлердегі ауа райы
Түркістан, Қызылорда облыстарында кей жерде күн күркірейді, шаңды дауыл соғады, желдің екпіні 15-20 м/с, Түркістан облысында кей жерде бұршақ түседі.
Батыс Қазақстан облысында, күндіз Жамбыл және Алматы облыстарының кей жерінде күн күркірейді, желдің екпіні 15-23 м/с, бұршақ жаууы мүмкін, Жамбыл облысында күндіз кей жерде дауыл тұрады.
Маңғыстау, Атырау облыстарында кей жерде күн күркірейді. Ақмола, Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Қарағанды, Шығыс Қазақстан, Павлодар облыстарында түнде және таңертең тұман түседі.
Дереккөз: Sputniknews.kz