$ 498.34  519.72  4.85

Тоқаев Алматы облысындағы жол апатынан қаза тапқан автобус жүргізушісінің отбасына көңіл айтты

Бір адам көз жұмды, жарақат алғандар бар.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Алматы облысындағы пойыз бен автобустың қатысуымен болған жол апатынан қаза тапқандардың туыстарына көңіл айтты. Бұл туралы мемлекет басшысы өзінің Twitter парақшасында жазды.

«Алматы обл. Ақсеңгір-Шамалған теміржол өткелінде поезд автобусқа соқтығысты. Автобуста 67 адам болған. Бір адам көз жұмды, жарақат алғандар бар. Туған-туыстарына көңіл айтамын. Тергеу жұмысы басталды», - деп жазды президент.

Еске сала кетейік, 15 қыркүйек күні «Екатеринбург-Алматы» бағытындағы пойыз шамамен сағат 19:20-да жол апатына ұшыраған. Оған себеп автобустың сигналға мән бермей, теміржолға шығып алуында екен. Әзірге қайтыс болғандар жайлы нақты ақпарат жоқ.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

#Тоқаев