$ 498.34  519.72  4.85

Алматы облысындағы жол апты: 2 адам мерт болып, 9 адам жарақаттанды

Оқиға орнында тиісті сала басшылары жетті.

Алматы облысының Қарасай ауданына қарасты Шамалған станциясында пойыз бен автобустың соқтығысуы салдарынан 2 адам мерт болып, 9 адам түрлі дене жарақатын алды, деп хабарлайды ҚазАқпарат. 

«Алдын ала ақпарат бойынша, Шамалған станциясындағы жол көлік оқиғасынан 2 адам мерт болып, 9 адам жараланған. Оқиға орнына қажетті көлемде жедел жәрдем көліктері жетті. Оқиға орнында тиісті сала басшылары жетті. Қарасай ауданының әкімі Жандарбек Далабаев оқиға орнында. Жақын арадағы ауруханалар күшейтілген режимде жұмыс істеуде. Қосымша ақпарат толықтырылып беріледі» делінген Алматы облысы әкімінің баспасөз хатшысы Ғалымұрат Жүкелдің жіберген хабарламасында. 

Естеріңізге сала кетейік, Алматы облысында жолаушы пойызы автобусты қаққан сәті түсірілген видеоның жарияланғанын хабарлаған болатынбыз.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары