Қазақстандық боксшы Василий Левит 91 келіде Ресейдің Екатеринбург қаласында өтіп жатқан бокстан әлем чемпионатындағы алғашқы кездесуін сәтті бастады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Василий Левит бүгін 1/8 финалда Словакиядан келген Давид Михалекпен қолғап түйістірді. Нәтижесінде қарсыласын жеңіп кетті.
Василий Левит бұған дейін әлем чемпионатында екі мәрте сынға түскен еді. 2009 жылы медальден құр қалса, 2017 жылы қола жүлдегер атанды.