$ 494.87  520.65  4.91

Египетте перғауындар дәуіріндегі массаж түрі қайта жанданды

Алдымен ем алушының денесіне май жағылып, түймедақ гүлінің жапырақтарымен сыланады.

Египетте перғауындар дәуіріндегі массаж түрі қайта жанданып, кеңінен тарала бастады, деп хабарлайды «Хабар 24». 

Денені уақалап сылап емдеудің ежелгі әдісі «отты орамал» деп аталады. Алдымен ем алушының денесіне май жағылып, түймедақ гүлінің жапырақтарымен сыланады. Содан кейін оның арқасына спиртке матырылған бірнеше қабаттан тұратын мата қойылып, ол өртеледі. Осы күйде емделуші бір минуттай жатуы тиіс. Шеберлердің айтуынша, массаждың бұл түрі барлық жастағы адамдарға пайдалы. 

Мұхаммед әл-Шаер, жергілікті тұрғын: 

- Белімді уқалатып едім, құяңы жазылды. Оған дейін намазда тұрғанда сәждеге барғанға қиналатын едім. Осында келіп екі рет ем алған соң дертімен құлан таза айғып кеттім десем болады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

#Египет