$ 498.34  519.72  4.85

Пойыз бен автобус соқтығысы: зардап шеккендердің жағдайы белгілі болды

Жантүршігерлік жол апаты бойынша іс Бас көлік прокуратура бақылауына алынды.

Шамалған станциясындағы пойыз бен автобустың соқтығысуынан зардап шеккен автобус жолаушылары - әйел мен екі бала - ауруханананың жансақтау бөлімінде жатыр. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Алматы облысының полиция департаментіне сілтеме жасап хабарлайды.  

Алматы облысының Шымалған станциясында "Алматы-Қостанай" бағыты бойынша келе жатқан пойыздың жолаушылар автобусына соқтығысуы салдарынан зардап шеккен әйел мен екі бала жансақтау бөлімінде жатыр.

"Қаза тапқан жүргізуші 1979 жылғы азамат. Зардап шеккен үш адам - 1984 жылы дүниеге келген әйел мен оның 3 және 5 жастағы балалары. Олардың барлығы жансақтау бөлімінде жатыр. Аталған фактқа қатысты 345 статьяның 3 бөлімі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Істі тергеу Алматы облысының полиция департаментіне тапсырылды", - делінген аталған құзырлы органның баспасөз қызметі таратқан ақпаратта.

Жантүршігерлік жол апаты бойынша іс Бас көлік прокуратура бақылауына алынды. 

Сондай-ақ Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Алматы облысындағы жолаушылар пойызы мен рейстік автобустың қатысуымен болған ірі жол-көлік оқиғасына байланысты тергеу амалдарын жүргізу үшін арнайы комиссия құрды. Бұл туралы аталған ведомствоның басшысының кеңесшісі Руслан Иманқұлов хабарлайды. Арнайы комиссия мүшелері оқиға орнына жол тартты. 

Естеріңізге сала кетсек, бұған дейін облыс әкімдігінде ЖКО кезінде 2 адам көз жұмып, тоғыз адамның жарақаттанғаны туралы хабарланған еді. 

Дереккөз: Stan.kz

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары