Кітап оқығыңыз келеді, бірақ мойныңыз жар бермей ме? Ұмытып кете бересіз бе? Ендеше сізге көмектесіп көрейік. Бұл туралы kyzylorda-news.kz жазды.
«21 күн» деген ережені естуіңіз бар шығар? Естісеңіз дәл осы әдіс сізге кітап оқуға жаттығуға көмектеседі.
Кез келген істі 21 күн бойы қайталаса ол күнделікті әдетке айналып кетеді. Бастапқыда істеу қиын, бірақ өзіңізді 21 күн кітап оқуға мәжбүрлеп көрсеңіз оп-оңай үйреніп кетесіз.
Екіншіден, өзіңізді қызықтыратын кітапты таңдаңыз. Өзіңізге қызықты тақырыптарда жазылғанын іздеңіз. Жатар алдында күніне 10-15 минут оқуға тырысыңыз. Кітапты көзіңізге түсіп тұратын жерге қойып қойыңыз. Ең бастысы – бастау. Бастағаннан кейін 21 күн үзбей қайталасаңыз – дағдыңызға айналады.