$ 494.87  520.65  4.91

Қарағанды қаласының полицейлері латын қарпін насихаттайтын семинар-тренингке қатысты

Семинар мақсаты – қызметі тікелей қоғаммен сабақтас полицейлер арасында латын әліпбиін насихаттау, қолданысын кеңейту, сонымен қатар, ана тіліміздің жаһандық ғылым мен білімге кірігуін, рухани тұтастығын қамтамасыз ету, латын әліпбиіне көшудің алғышарттарын енгізу.

2019 жылдың 13 қыркүйегінде Қарағанды қаласының Полиция басқармасының арнайы жауынгерлік даярлық сабағында полиция қызметкерлеріне арналған «Қазақ әліпбиін латын қарпіне көшіру – жалпыхалықтық рухани мәселе» атты семинар-тренинг өткізілді.

Семинар мақсаты – қызметі тікелей қоғаммен сабақтас полицейлер арасында латын әліпбиін насихаттау, қолданысын кеңейту, сонымен қатар, ана тіліміздің жаһандық ғылым мен білімге кірігуін, рухани тұтастығын қамтамасыз ету, латын әліпбиіне көшудің алғышарттарын енгізу. Семинарға Қарағанды облысының Полиция департаменті Ішкі және сыртқы коммуникациялар басқармасының басшысы Жанатай Сембеков, басқарма басшылығы мен жеке құрамы, сонымен қатар, ІІО Ішкі және сыртқы коммуникациялар бөлімінің мамандары қатысты.

Қарағанды қаласының ПБ Оңтүстік-шығыс ПБ ІСКТ жетекші маманы Индира Ерданқызының «Латын қарпінде жазып дағдыланамыз» тақырыбындағы жұмыстары семинар қатысушыларының белсенділігін арттырып, латын әліпбиінде жазып үйренуге деген қызығушылығын оятты.ІСКТ маманы қызмет барысында жиі қолданылатын қазақ сөздерінің латын әліпбиімен жазылу үлгісімен таныстырды.

Сондай-ақ, қазақ тіліндегі кірме сөздердің латын әрпімен қалай таңбаланатынын көрсетті. Бұл кірме сөздер латын графикасымен жазылғанда қазақша екпінмен оқу кирилицаға қарағанда әлдеқайда жеңіл әрі қазақы дауыс екпініне толық сәйкес келетініне көпшіліктің назарын аударды.Жалпы семинар барысында тәртіп сақшылары латын графикасына негізделген әліпбиді меңгеруге бағытталған тапсырмаларды орындау кезінде белсенділік танытып, оларды нақты орындай білді. Сонымен қатар, семинарға қатысушылар сұрақтар қою арқылы қоғамда өткір қойылып отырған жалпыұлттық маңызы бар мәселе жайлы пікір алмасты.

Қарағанды қаласының ПБ жергілікті полиция қызметі бөлімінің ювеналды полиция тобының аға инспекторы полиция майоры ГаухарИсакашева латын әліпбиіне көшу мәселесінің өзектілігі және қоғамда қалыптасқан сан алуан пікірлерге қатысты өзінің оң көзқарасын білдіріп өтті. Қоғамдық тәртіпті, жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету, қылмыстың алдын алу, күресу бойынша ауыр әрі жауапты міндеттерді атқарумен қатар, ана тіліміз – қазақ тілін дамытуға полиция қызметкерлері өз үлестерін қосып жатқандарын, сондай-ақ алдағы уақытта қызмет барысында қызметтік құжаттарды латын графикасында оқып-жазуда еш қиындық болмайтынына сенімді екенін айтты.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары