$ 494.87  520.65  4.91

Қарағанды облысының оқушылары ежелгі заманның әдеби жәдігерлерімен танысуда

Оқушылар Алтын Орда дәуірінің ойшылы Саиф Сараидің «Түрікше Гүлстан» поэмасының желісі бойынша көрініс көрсетті.

Приозерск қаласында №1 ЖОББМ-де «Ежелден жеткен жәдігерлер» атты әдеби үйірме ашылды. Жоба «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында жүзеге асырылуда. Орта және жоғары сынып оқушылары ежелгі жазушылардың шығармалары арқылы рухани мәдениет пен ұлттық құндылықтар туралы көбірек біле алады.

Әр халықтың тарихи жолы ұлттық салт-дәстүрлер негізінде құрылады, деп атап өтті үйірме жетекшісі Гүлмира Қасымова. Оқушылар Алтын Орда дәуірінің ойшылы Саиф Сараидің «Түрікше Гүлстан» поэмасының желісі бойынша көрініс көрсетті. 

Оқушылар орта ғасырдағы белгілі философ-ақындардың: Жүсіп Баласағұн, Махмұд Қашқари,Қожа Ахмет Яссауи шығармаларынан өлеңдер мен үзінділер оқыды.

Жас ұрпаққа Ұлы Дала тарихы туралы әлемдік өркениетке үлес қосқан қайраткерлердің шығармашылығы арқылы білгендері пайдалы болмақ, деп санайды жобаның бастамашылары. Үйірмеге қатысушылар аз танымал авторлардың шығармалары мен танысады.
 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары