$ 494.87  520.65  4.91

Үшіншіге аңсары ауған үндістандық азамат екі әйелінен оңбай таяқ жеді (ВИДЕО)

Кадрлардан көк жейде киген ер адамның сари киген әйелдер шабуылдап жатқан кезде танысымен сөйлесіп тұрғанын көруге болады.

Динеш есімді ер адам алғаш рет 2016 жылы үйленген. Араға үш жыл салып ол ешкімге айтпай, тағы бір тоқал алмақ болады. 26 жастағы күйеуінің тағы бір әйел алғысы келгенін біліп қалған нәзік жандылар оны соққының астына алады. 

Кадрлардан көк жейде киген ер адамның сари киген әйелдер шабуылдап жатқан кезде танысымен сөйлесіп тұрғанын көруге болады. Араға бірнеше секунд салып төбелеске жергілікті тұрғындар қосылды. Әйелдер Динештің жерге құлағанына қарамай, соққының астына алады.

Нәтижесінде адамдар үйіне қайтарылды, ал ер адам қамауға алынды. Үндістанда полигамды некеге тыйым салынған. Динеш осы әрекеті үшін сотталып кетуі мүмкін.

Дереккөз: stan.kz

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары