$ 449.3  489.69  4.89

Нұрғали Нүсіпжановтың Жадырасы екінші рет тұрмыс құруы мүмкін - нумеролог

Бұл некенің астарында не бар? Бір жағынан ақылмен, екінші жағынан есеппен қосылған жұп.

Қоғамда қызу талқыға түскен 82 жастағы әнші Нұрғали Нүсіпжанов пен өзінен 45 жас кіші жұбайы Жадыра Сейдешке қатысты танымал нумерог болжам жасады. Бұл жайлы НКТ арнасындағы «Ревю» бағдарламасында айтқан.

Cондай-ақ, сандармен сырласатын маман Айсұлу Ахимованың сөзіне сенсек, ол «қос жұпты есеппен үйленген болуы мүмкін» деп болжады.

«Бұл некенің астарында не бар? Бір жағынан ақылмен, екінші жағынан есеппен қосылған жұп. Екеуіне де қуат алатын адам қажет болған сыңайлы. Жалпы, өмірде адамдар энергия арқылы қосылады ғой. Ал бұл жағдайда екі жақтан да есеп бар», - деді маман.

Өз кезегінде Айсұлу Ахимова бұл жұптың жас айырмашылығына таңғалғанын жасырмаған. Айтпақшы сандарды есепке ала отырып, нумеролог танымал журналист Жадыра Сейдештің екінші рет тұрмыс құруы мүмкін екенін де тілге тиек етті.

«Жадыра екінші мәрте тұрмыс құруы әбден мүмкін. Ал бұл жұптың сәби сүйгісі келеді деген қауесетке байланысты айтарым, білмеймін енді. Сандарға қарап күмәнданып отырмын», - дейді сандарды сөйлетудің шебері Айсұлу ханым.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары