$ 494.87  520.65  4.91

Қарағандыда «Висла» поляк фильмдерінің фестивалі 20 қыркүйекке дейін жалғасады

Салтанатты ашылуға шақыру билеттері бойынша ғана кіруге болады.

Қарағандыда 12-18 қыркүйек аралығында «Висла» поляк киносының фестивалі өтеді. Поляк режиссерлерінің ленталары «Сарыжайлау» кинотеатрында тегін көрсетіледі.

Алғаш рет 2008 жылы Мәскеудегі «Художественный» кинотеатрында өткізілген шағын жоба, 2018 жылға қарай 14 елдің 40-тан астам қаласын қамтыды. Бүгін көрермендерге режиссер Денис Деличтің «Эскадрилья 303» тарихи драмасы ұсынылды. Фестивальдің ашылуына Польша Республикасының Қазақстандағы елшісі Селим Хазбиевич арнайы келді. Ол өз сөзінде Қазақстанға, әсіресе Қарағанды қаласына осындай жылы қабылдағандары үшін алғысын білдірді.

«Бұл Қазақстан мен Польша арасындағы ара қашықтықтың алшақтығына қарамастан, халықтар арасында бір-біріне қызығушылық танытудың айқын бір мысалы, біз өзара жарқын да жақын жасампаз қарым-қатынастарымызды одан әрі өрістете түсуге мүдделіміз», - дейді Қарағанды облыстық «Полония» поляк қоғамының төрағасы Виталий Хмелевский. Фестивальді ұйымдастырушылар драмалық, тарихи және комедия картиналарын көрсетті.

Фестивальдің салтанатты ашылуы 12 қыркүйекте өтті. Іс-шара қонақтарына Денис Деличтің «Эскадрилья 303. Шынайы тарих» фильмі көрсетілді. Фильмнің басты кейіпкерлері – Ұлыбритания әскери-әуе күштерінің элиталық бөлімшесіне кірген поляк ұшқыштары – Эскадрилья 303.  Лента Ұлыбритания үшін шайқас барысында ұшқыштар қатысқан науқандар, олардың жеке бастан кешкендері мен ерліктері туралы әңгімелейді. 

Салтанатты ашылуға шақыру билеттері бойынша ғана кіруге болады. 

13 қыркүйекте «Сарыжайлау» кинотеатрында Павел Павликовскидің «Холодная война» фильмі көрсетілді. Бұл–соғыстан кейінгі Польшада болған екі ғашықтың тарихы.  Олар саясат пен өмірлік қиындықтардың салдарынан айырылысып кетеді,бірақ олар әртүрлі қалалар мен елдерде қайта кездеседі. 

14 қыркүйекте көрермендер назарына «Дочь тренера» (режиссері Лукаш Гжегожек) фильмі ұсынылды. Сюжет бойынша, теннистен жаттықтырушының қызы 17 жасар Виктория жаңа дос кездестіріп, онымен бірге жартылайбұзылған фургонменсаяхатқааттанады. Кинокартина балалардыңата-аналарыменқарым-қатынасы мен алғашқымахаббатын, есейгенінкөрсетеді. 

15 қыркүйектеқарағандылықтар режиссер Эва Буковсктің «53 войны» кинолентасынтамашалады. Фильм Анна Ягельскаяның «Любовь из камня. Жизнь с военным корреспондентом» кітабының желісі бойынша түсірілген. Оқиға 90-жылдардың басындаорын алады. Басты кейіпкерлер Анна мен Витек – ерлі-зайыптылар. Витек – әскери тілші, ол көп уақыт бойы үйден тыс жерде «шиеленіс нүктелерінде» қарулы қақтығыстардың барысын жария етеді. Фильм ерлі-зайыптылардың қарым-қатынасы, өз ісіне адалдық туралы баяндайды.  

16 қыркүйекте Томаш Шафраньскидің «Клуб бродяг» фильмі көрсетілді. Бұл ағасын қонақ ретінде қарсы алған 13 жасар жасөспірім Корнель туралы оқиға. Корнель онымен бірге екінші дүниежүзілік соғыс кезінде оның атасы Иероним жасырып кеткен қазынаны іздеуге аттанады.
 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары