Алматыда жиһаз цехы өртенді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz агенттігі қалалық ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
«17 қыркүйекте сағат 11:57-те "101" пультіне Жетісу ауданында өрт туралы хабар келіп түсті. Ратушный көшесі, 84 А жанында орналасқан өндірістік цехқа таралу қаупі бар жиһаз цехы өртенген. Оқиға орнында 20 арнайы техникамен жеке құрамның 60 адамы жұмылдырылды. Полиция департаменті оқиға орнын қоршауға алды, өрт аумағы нақтыланып жатыр», - делінген ТЖД хабарламасында.
Оқиға орнында өрт сөндірушілер жүр. Өрт 13:16-да сөндірілді.