«Атырау облысына қарасты ауданда сапаны бақылау бөлімінің басшысы "пара алды" деген күдікке ілінді, деп хабарлайды Мой ГОРОД порталы.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросының департаментінің айтуынша, Исатай аудандық тауарлар мен қызметтердің сапасын бақылау және қауіпсіздік бөлімі басшының үстінен іс қозғалды.
Шенеунік тамақтану саласында кәсіпкерлерге қамқорлық танытамын деген оймен 50-ден 80 мың теңгеге дейінгі мөлшерде пара алған деп болжанды.
Қазір күдіктінің үстінен сотқа дейінгі тергеу ісі жүріп жатыр.