$ 494.87  520.65  4.91

Полиция Шамалған стансасының өткелінде болған жол апатының куәгерлерін іздестіріп жатыр

Куәгерлер төмендегі байланыс телефондарына хабарласса болады.

Полиция Шамалған стансасының өткелінде болған жол апатының куәгерлерін іздестіріп жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР ІІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

«15 қыркүйек күні «Алматы 1 – Қостанай» бағытындағы пойыздың Алматы облысындағы Шамалған стансасының өткелінде жолаушылар автобусымен соқтығысуын көргендер, куәгерлер және автобус жолаушыларының мына телефондар арқылы Көліктегі полиция департаментіне хабарласуын өтінеміз: 8-727-296-35-93, 8-701-555-78-02, 8-775-643-00-04» делінген хабарламада. 

Естеріңізге сала кетейік, 15 қыркүйек күні Шамалған стансасында пойыз бен автобус соқтығысты. Жолаушылар автобусы рельске шығып кеткен.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары