БҚО-да әйелін зорламақ болған ауылдасының екі көзін ойып өлтірген азамат алты жыл бас бостандығынан айрылды. 36 жастағы азамат жазасын орташа қауіпсіз қылмыстық-түзеу жүйесі мекемесінде өтейтін болады. Бұл туралы «Мой город» порталына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.
16 қыркүйек күні БҚО қылмыстық істер бойынша ауданаралық мамандандырылған сотта судья Бақыт Ермаханов БҚО тұрғыны Қалиевке үкім шығарды. Кінәлі деп танылған сотталушыға алты жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.
«Сот материалдарына сәйкес, осы жылдың 27 сәуірінде Сартаев ауданы Тау Жәнібек ауылының тұрғыны жұбайы Қалиевке хабарласып, үйіне рұқсатсыз кірген Нұрәлін есімді ауылдасы өзін зорламақ болып жатқанын айтады.
Мұны естіген азамат бірден үйіне қарай бағыт алады. Келген сәтте жұбайының еденде жатқанын, ал ауылдасы оның үстінде отырғанын көреді.
Ашуға булыққан Қалиев Нұрәлінді екі рет ұрып құлатады. Дәл осы мезетте келіншек те үйінен қашып шығып үлгереді.
Ал сотталушы қашпақ болған ауылдасын ұстап алып, ұрып, артынан пышақпен екі көзін ойып алады. Содан соң оны арқанмен байлап, батареяға байлап тастайды», -деп түсіндірді Ермаханов.